Мекен жай: Алматы қ. Лебедев көш., 31. Телефон: 8(727)394 17 17, Қабылдау бөлімі: 8(727)394 16 00
КММ «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат - үйі»КММ «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат - үйі» 1963 жылы құрылған.Алматы қаласы Лебедев, 31 көшесінде орналасқан. Стационар жағдайында арнайы әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 3 пен 18 жас аралығындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалардың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған, коммуналды заңды тұлғалық дәрежесі бар әлеуметтік – медициналық мекеме. Үй – интернат 160 орынға есептелген, қазіргі таңда 145 бала тәрбиеленеді. 145 баланың 77-нің ата – анасы бар, 68 бала ата – анасының қамқорынсыз калган, 85 ұл, 60 қыз. Интернат үйі 3 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 3256,9 шаршы метр құрайды. Интернат – үйі мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиеленуіне арналған. Балалар үйі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме. Бұл мекемеде: Тірек қимыл аппараты бұзылған балалалар, Даун, Аутизм сонымен қатар шизофрения, зият зақымдалудың түрлі дәрежедегітума аурулары бар балалардың жас ерекшелектері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, арнайы әлеуметтік-медициналық көмек беретін мекеме. |
|