Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Мекен жай:  Алматы қ. Лебедев көш., 31. Телефон: 8(727)394 17 17, Қабылдау бөлімі: 8(727)394 16 00

Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
 



 
Сайттан іздеу
 
Реклама:
 
 
 

Новости

Орталық демалыс саябағына саяхат

15.06.2016 жылы, сағат 10:00 - 13:00 интернат - үйінің балалары Орталық демалыс саябағына саяхат жасады. Балалар әр - түрлі ойындар ойнап, әткеншектерге отырды (цепочная карусель, колесо обозрения,дракон,веселый поровоз,комната смеха т.б).

Денсаулық фестивалі

2016 жылдың 8 маусымында сағат 10:00 - де КММ "Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқуралы бар мүгедек балаларға арналған интернат - үйінде" Денсаулық фестиваліне орай іс - шара өткізілді.Шараның мақсаты – физикалық белсенділікті арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман қылықтардан арылу, сонымен бірге денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру. Интернат - ұйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері 100 м, 200 м қашықтықта жүгіріп, шахмат ойынынан жарыс өткізді.

"Халықаралық балаларды қорғау күні"

2016 жылдың 1 маусым күні "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай интернат - үйінде спорттық - музыкалық іс - шара өткізілді. Іс - шара барысында педагогтар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен көңілді эстафеталық ойындар (үй құрастыру, картоп отырғызу, кенгуру, фишкалардың арасымен допты алып жүру, арқан тартыс т.б.) ойналды. Музыкалық жетекшінің дайындауымен балалар музыкалық нөмірлерін көрсетті ("Смешанки" биі, "Шығыс биі"). Еңбекке баулу пәнінің мұғалімдері қолдан жасалған киімдер көрмесін көрсетті (қоқыс қаптарынан жасалған көйлек,түрлі-түсті шардан жасалған ,газет қиындыларынан , түрлі-түсті түсқағаздан жасалған көйлек,хирургиялық қолғаптан жасалған көйлек,түрлі-түсті майлықтан жасалған кешкі көйлек т.б.). Мерекемен құттықтап демеушілер келіп, балаларға сыйлықтар мен тәтті тағамдар ұсынды. 

 

9 мамыр - Жеңіс күні

06.05.2016 жылы, интернат - үйінде "9 мамыр - Жеңіс күні" мерекесіне орай іс - шара өткізілді. Тәрбиеленушілер мен педагогтар Жеңіс күніне арналған әндер айтып, би биледі. Интернат - үйінің қызметкерлері қойылым қойды.

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күні

29.04.2016 ж. 1 мамыр - "Қазақстан Халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай интернат - үйінде "Көңілді старт" атты эстафеталық жарыс өткізілді. Эстафетаға балалар мен педагогтар қатысты. 

Наурыз мейрамына орай "Әз Наурыз!"атты мерекелік іс - шара өткізілді.

01.04.2016 ж, Наурыз мерекесіне орай интернат - үйінде "Әз Наурыз!" атты мерекелік іс - шара өткізілді. Аталған іс - шарада Наурыз мейрамы туралы әндер айтылып, ұлттық аспаптарда күй орындалды. Мерекеде салт - дәстүрге сай шашу шашылып, ұлттық тағамдар дайындалды. Әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері биленді. Мерекемен құттықтап көптеген қонақтар келіп, қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шашуларын тарту етті. 

"Аяла" қайырымдылық қоры 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құтты

"Аяла" қайырымдылық қоры 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, интернат - үйінің бала күтушілеріне гүл шоқтары мен қаржылай силықтарын табыс етті. Жылы лебіздерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиыншылықтарын атап өтті. 

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған іс - шара өткізілді

         КММ "Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат - үйінде" 2016 жылдың наурыз айының 5 - ші жұлдызында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс - шара өткізілді. Мерекелік кеш интернат - үйінің тәрбиеленушісі Комаровская Валентинаның орындауындағы "Қамажай" биімен ашылды. Балалар педагогтармен бірлесе ән шырқап, би биледі. Атап айтсақ: кіші топтағы биші қыздар өзбек халқының биін нақышына келтіре орындаса, Мугайских Илья, Юсупов Закир, Тоқтамысов Қуаныш, Оборин Борис, Жүнісова Марал ана туралы ән айтты. Балалар интернат - үйі ұжымының әйел азаматтарына деген ыстық лебіздерін өлең шумақтарымен жеткізді. Интернат - үйінің директоры Қ.Қ.Сабыров бірнеше әйел азаматтарына құрмет грамотасын тапсырып, мерекемен құттықтады. "Аяла" қайырымдылық қоры интернат - үйінің бала күтушілеріне гүл шоқтары мен ақшалай силық табыс етті. Мерекелік іс - шараның соңында барлық ер азаматтар құттықтау сөз сөйлеп, силық табыс етті.

1 наурыз - Алғыс айту күні

КММ "Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат - үйі" ұжымы, тәрбиеленушілер түңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Балалар мен педагогтардың дайындаған мерекелік шағын іс - шарасы өткізілді. Мерекемен құттықтап "Аяла" қайырымдылық қорынан қонақтар келді. Интернат - үйінің директоры Қанат Қуандықұлы Сабыров "Аяла" қайырымдылық қорының президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменоваға және интернат - үйінің қызметкерлері Шарипова Гүлмира, Боронило Зояға алғыс хатын табыс етті. Балалар ән айтып, би билеп мерекенің көркін кіргізе түсті. Мерекелік іс - шараның соңында тәрбиеленушілер өздері жасаған қолөнер бұйымдарын өздері қалаған адамға сыйлап, алғыс айтты. 

 
 
 
Пожаловаться на сайт